Гофра – жылу желілерінде қолданылатын құбырларды қоршаған ортаның әсерінен сақтау мақсатында сыртынан кигізілетін серіппелі материал.
Минералды мақта – тау жыныстарының, металл қалдықтарынан немесе олардың қоспасының балқымаларынан алынған жұқа талшықты материал.
Дала шпаты – қаңқалы силикаттар класының өте көп тараған, тау жынысын түзетін минералдар тобы.
Перлит – жанартаулық шыныдан тұратын қышқыл эффузиялық тау жынысы. Ол күйдіру және ұнтақтау жолымен алынады.
Пенопласт – газбен толтырылған пластмасса.
Фольгоизолон – жылу шығынын барынша азайтатын, шағылыстыру қасиетіне ие төзімді оқшаулау материалы.
Фольгорубероид – алдыңғы жағы қалыңдығы 80-200 мкм болатын жұмсақ алюминий фольгамен алмастырылатын рубероид жаппасы. Қоршаған ортаның температурасы -40-тан + 70 ° C-ге дейін ашық ауада, арналарда орналасқан құбырларды жылу оқшаулау ретінде пайдаланылады.
Базальт – ауа райына өте төзімді және ғимараттардың сыртын безендіруге және ашық ауда орнатылған мүсіндерді жасау үшін қолданылады.
Совелит – бұл күйдірілген доломит (85%) пен асбестенV (5%) жасалған жылу оқшаулағыш материал.
Асбест – майда силикаттар санатына жататын минералды заттар.
Асбозурит – диатомиттен (70-85%) және асбест талшығынан (15-30%) тұратын жылу оқшаулағыш материал.